сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 5 10.04.2023 10:45

Атбасарда итті сойып, етін жемек болған екі адам ұсталды

Фото: polisia.kz

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.

«Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған», – деп жазды министрліктен.

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.