сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 7 10.04.2023 14:18

Тоқаев Әзербайжан басшысын Ақордада қарсы алды

Фото: kazpravda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды.

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұраннан кейін Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Ту алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Еске салайық, Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.