сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 5 10.04.2023 14:55

Жетісу облысында мұғалім әріптесінің көлігін ұрлап кеткен

Фото: avtodream.org

Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тұрақта тұрған көлікті ұрлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

 

Полиция мәліметінше көлік иесі мектеп мұғалімі екен. Ол көлігін тұраққа қойып, кілтін ішіне қалдырып кеткен. 

"Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік полицейлер ұрланған көлікті қала сыртындағы үйден тауып, заңды иесіне қайтарды. Күдікті де жәбірленуші секілді білім беру ұйымының қызметкері, жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді", – делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша тергеу жүріп жатыр.