сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 13 10.04.2023 15:35

Астанада жоғалып кеткен 12 жастағы баланың жағдайы анықталды

Фото: tengrinews.kz

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.

Балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.