сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 8 11.04.2023 9:25

"Қош болыңдар": Атырауда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Фото: ашық дереккөз

Атырауда бес күн бұрын үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен 16 жастағы жергілікті тұрғын Әсемай Қазбекова қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2007 жылы туған жасөспірім қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама 6 сәуірде кешке полиция мен ТЖД-ға түсті. Жоғалғаны туралы хабарланған сәттен бастап полиция қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер қалада, Жайық жағасында және тікелей өзенде іздестірді, бірақ әздеу жұмыстары нәтиже бермеді.

10 сәуірде кешке қыз көпірден суға секіріп, қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл жаңалықты Facebook парақшасында ерікті, іздеуге қатысқан Сандуғаш Кукенова хабарлады.

"Көшедегі бейнебақылау камераларындағы соңғы жазбада Асемайдың көпірге қалай көтерілгені жазылған. Әрі қарай не болғанын біз біле алмадық. Барлық үміт жеке үйде тағы бір камерада қалды, бірақ үй иесі бірнеше күн бойы үйде болмады. Бүгін ол үйге оралды, қыздың әкесі жазбаны көре алды. Өкінішке қарай, Асемайдың көпірден секіргені белгілі болды", - деп жазды ерікті.

Бұған дейін облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман өзінің Facebook парақшасында Әсемайдың көпірден соңғы фотосуретін түсіріп, оған "Қош бол"деп жазғанын айтқан болатын. Полиция Әсемай Қазбекованың ізденісі әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.