сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 7 11.04.2023 12:53

Халықаралық жарыстарда топ жарған спортшылар қанша сыйақы алады?

ФотО:kartinkin.net

Халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшері бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Құжатта көрсетілгендей, жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшыларға мына мөлшердегі сыйақы беріледі:

1-орын үшін – 250 000 доллар;

2-орын үшін – 150 000 доллар;

3-орын үшін – 75 000 доллар;

4-орын үшін – 30 000 доллар;

5-орын үшін – 10 000 доллар;

6-орын үшін – 5 000 доллар.

Осындай көлемдегі ақшалай көтермелеу спортшылардың жаттықтырушыларына да ұсынылады.

Ересектер арасында ғы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада спорт түрлерінен Әлем чемпион ы атанған және жүлде иеленген спортшылар алатын сыйақы:

1-орын үшін – 15 000 доллар;

2-орын үшін – 7 000 доллар;

3-орын үшін – 5 000 доллар.

Олимпиадалық спорт түрлері болып саналмайтын, бірақ кемiнде 20 елдің өкiлi қатысқан сайыстардың жеңімпазы мен жүлдегеріне берілетін сыйақы:

1-орын үшін – 2 300 доллар;

2-орын үшін – 1 800 доллар;

3-орын үшін – 1 100 доллар.

Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар алатын ақшалай жүлде:

1-орын үшін – 10 000 доллар;

2-орын үшін – 5 000 доллар;

3-орын үшін – 3 000 доллар.

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік универсиад ада жеңімпаз атанған және жүлде алған спортшылар сыйақысы:

1-орын үшін – 15 000 доллар;

2-орын үшін – 10 000 доллар;

3-орын үшін – 5 000 доллар.

Жасөспірімдер арасындағы жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы:

1-орын үшін – 10 000 доллар;

2-орын үшін – 5 000 доллар;

3-орын үшін – 3 000 доллар.

Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Азия чемпионатында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар алатын сыйақы:

1-орын үшін – 2 300 доллар;

2-орын үшін – 1 400 доллар;

3-орын үшін – 900 доллар.

Жастар арасында Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлде гер болған спортшыларға келесі көлемде сыйақы ұсынылады:

1-орын үшін – 3 500 доллар;

2-орын үшін – 2 300 доллар;

3-орын үшін – 1 100 доллар.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнатқан спортшыға – 5 000, ал оның жаттықтырушысына 3 000 доллар сыйақы берілмек.

Көтермелеу төлемінің мөлшері туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Тиісті бұйрық 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.