сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 7 11.04.2023 13:28

Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі туралы айтты

Фото: ашық дереккөз

Белігілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өмірінде жақсы жаңалықтың бар екенін жасырып қалмады. Бұл туралы ол “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтты деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

“Менің осыдан сегіз жыл бұрын берген концертім “Сен ғана...” деп аталады. Жақында Алматыда өткен концертім “Мен...” болса, енді Лондоннан күйеуіммен қайтып оралғанда "Біз" деген концерт беремін. 

Әнші сүйіктісі туралы ашылып айтудан бас тартты. Алайда сөз арасында өнер иесін күйеуі сұхбаттарға апарып жүргені белгілі болды.

Жақында әнші жоспардан тыс болғалы жатқан ән кеші жайлы жазба жариялады. Желіге орамалмен түскен суретін жүктеген ол тыңдарманын қызықтырып қойды.

“Кеш жарық достар! Қалдарыңыз қалай? Оразаларыңыз қабыл болсын.
14-наурыз Алматы қаласында жеке концертімді беріп, енді Лондонға оқуға кеткенше (Келін болғанша, келін алғанша) уақытым бар болған соң, Астана қаласында да “МЕН…” атты концертімді берсем деген шешімге келдім”, – деп жазды өнер жұлдызы.