сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 7 12.04.2023 10:18

Актер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларын жинады

©instagram.com/sabit_abdykalykov

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларын бір шаңырақ астына жинады деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында балаларымен түскен суретін жариялады. Суреттен актердің бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын көруге болады.

“Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер”, – деп жазба жариялады Сәбит Әбдіхалықов.

Желі қолданушылар арасында актердің бұл әрекетін қолдағандар қатары көп.

“Сәбиттің тағдыры солай болған шығар”, “Кіші әйелінің ақылдылығы ғой”, “Бастысы баурлар бір-бірімен араласса болды”, “Сәбит пен әйелі жаман болса бұл шаңыраққа ешкім бас сұқпас еді”, “Айгүл мен Алтынайды көргендей болдым”, – деп жазды желідегілер.