сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 8 12.04.2023 14:13

"Ұнататын адамым бар": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты

Фото: cosmo.kz

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі бар екенін айтты. Блогер, актрисалықпен айналысып жүрген ол "Ревю" бағдарламасында ұнататын адамы жайлы айтып берді.

"Ұнататын адамым бар. Сөйлесіп жүргенімізге көп болмады. Өте жақсы адам. Менің жеке өмірімді еш жерден таппайсыздар. Менің жеке өмірімді тұрмыс құрып, аяғым ауыр болған кезде бір-ақ білесіздер. Мен сондай жанмын. Бірақ тойыма шақырамын", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен заңды некеде болмағанын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың тұрмысқа шығатыны жайлы 2018 жылы белгілі болды. Оның таңдауы Kyran Films компаниясының негізін қалаушы, блогер әрі режиссер Қыран Талапбекке түсті. Арада біраз уақыт өткенде Айжұлдыз Адайбекова ажырасуының себебін ашып айтып, анасының тағдырын қайталағанын жеткізді.