сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 12.04.2023 16:17

Саясаткер Мұхтар Тайжан қамауға алынды

Фото: Sputnik.kz

Белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан қамауға алынды.

"Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен М.Тайжан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылы туралы кодексінің 488-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.