сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 12.04.2023 16:59

Вице-министрдің қамалғаны рас па?

фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Ілияс Өсеровтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр, деп хабарлайды teznews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық экономика вице-министрі І.Өсеров «қамауға алынды» деген ақпарат тексеріліп жатыр.  Осыған байланысты ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз», - деп түсіндірді ҰЭМ баспасөз қызметінде.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана Университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастады. 2009-2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды. 2010-2013 жж. – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2013-2014 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы. 2014-2015 жж. – Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 2015-2019 жж. – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы. 2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.