сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 8 13.04.2023 10:18

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа қатысты қызық деректі бөлісті

Фото: инстаграм

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова "Түркістан" арнасына сұхбат беріп, тұңғышын киелі шаһарда дүниеге әкелгенін айтты.

"Тұла бойы тұңғышымды, Қайратымды Түркістанда дүниеге әкелдім. Негізі, Қайратты Түркістанда босанамын деп ойламадым. Бірақ біз студент болдық. Одан кейін, енемнің қолында болғым келді. Жолдасымның анасы Қаражон ауылында тұратын. Сол жерде үш айдай тұрып, кейін Алматыға келдік", - деді Айдарбекова. Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртаспен де Түркістанда танысқанын айтты. "Алғашқы махаббатымыз Түркістаннан басталды. Нұрекеңмен де Түркістанда танысқанмын. Біздің есімізде қалатын тарихымыздың барлығы Түркістаннан басталды. Сол үшін маған бұл қала ерекше. Мен ағамның қолында тұрдым. Нұрекең де өзін үшінші сыныптан бастап қолына алған ағасының қолында өсті. Екеуміз демалыс бағына, дискотекаға баратынбыз", - деді продюсер.