сейсенбі, 1 қазан 2024
5 13.04.2023 11:15

Мексикада туриске "теңіз шайтаны" шабуылдады

Фото: web-zoopark.ru

Мексикада 43 жастағы туриске суда жүзген сәтте "теңіз шайтаны" деп аталатын скат түрі шабуыл жасаған.

Турист жағалауда шомылып, су асты тіршілік иелері - денесінің ұзындығы тоғыз метрге дейін жететін, негізінен төрт метр шамасында болатын скат, манталарды тамашалаған.

Бір кезде турист тобығы тұсынан ауырлықты сезінген, ол шығып кеткендей ауырған. Оның жанында скат жүзген. Айғайлаған саяхатшыға құтқарушылар көмекке келіп, судан алып шыққан. Олар алғашқы көмек көрсетіп, ары қарай ауруханадан ем алуға кеңес берген.

Мамандар судағы тіршілік иесін шомылушылар қоздырды деп күдіктенеді.