бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 6 09.12.2022 16:16

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 3 жасар бала қайтыс болды

Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында көлік аударылып, 3 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, жол апаты 8 желтоқсанда сағат 17:30-да болған.

«Самара–Шымкент жолында Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға аударылған» делінген хабарламада.

Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 3 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне жол беруді ескертеді.