сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 5 09.12.2022 15:16

2022 жылдың «Жолы болмаған адамы» анықталды

Фото: vedomosti.ru

Америкалық Politico басылымы Ресей президенті Владимир Путинді жылдың «жолы болмаған адамы» (The biggest loser) деп атады. Бұл жөнінде Teznews.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Путин баяғыдан бері Ресейге ұлы держава мәртебесін қайтаруға талпынып келеді. Оның (Украинаға) басқыншылығы Ресейді әлемдегі артта қалған елдер қатарына ысырды», – деп жазады басылым.

Басылым сондай-ақ Ресей президенті өзінің «арнайы әскери операциясы» деп аталатын әрекетін жалғастыра беретінін айтады. Оның жүз мыңдаған ресейліктерді әскерге шақыру туралы шешімі әскер жасындағы азаматтардың елден кетуіне әкелген еді.

Дегенмен Ресей басшысы Еуропадағы ең ықпалды 28 саясаткер қатарында қалған. Журнал рейтингісінде ол «арманшылдар» тобына енгізілген.

Ал Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Politico журналы «көлеңкелі дипломат» деп атаған.

«Еуропада бұл бұрынғыша тоқтаусыз инфляция, энергия тасымалдаушылар құнының шарықтауы, тыңайтқыш пен газ тапшылығы болады дегенді білдіреді. Бұл аймақ экономикасы мен саяси жүйесіне қысым жасайды. Путин арманының орындалмауы ол көршілеріне тыныш береді дегенді білдірмейді», - деп жазды басылым.

Журнал Украина президенті Владимир Зеленскийді «Ең ықпалды еуропалық» деп атады.

Өткен жылы Politico рейтингінде Италияның премьер-министрі Марио Драги көш басында тұрған.