бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 8 17.04.2023 15:34

Жахан Отарғалиев киносының тұсаукесеріне Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды

Фото: ашық дереккөз

Танымал блогер әрі актер Жахан Отарғалиев Президентті киносының Астанадағы жабық көрсетіліміне шақырды. 

 

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы мотивация үшін көп рахмет. Бұйырса сізді 1 мамыр Астана қаласында киномыздың жабық көрсетіліміне шақырғым келеді. Қарапайым қазақ жастарын қолдайды деген сенімдемін “, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Президент бұл шақыртуға келе ме, жоқ па, белгісіз. Блогердің өзі де мұндай шешімді оңай қабылдамағанын, үлкен тәуекелге барғанын жасырмады.

“Әрине, Президенттің кино көретін уақыты жоқ, оның басқа да жұмыстары бар. Бәрін білемін, мен жай ғана тәуекел етіп шақырып жатырмын.Кезінде мен кездескім келеді дегенде ешкім сенбеген, бірақ Алланың қалауымен ол кісі уақыт тауып кездесті. Кім біледі, осы жолы да келіп қалар. Президент мені шақырғанда мен барғанмын. Негізі келеді деп ойлаймын, себебі ол – жастардың жанашыры. Оған көзім жетті”, – деп жазды блогер.