бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 8 25.04.2023 16:27

Жигули Дайрабаев ұлдарын сынға алған жандарға жауап берді

Фото: smi24.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазіргі уақытта, көптеген блогер, журналист, саясаттанушы, әйтеуір барлық саланы білгіш маманы сымақтар көбейіп кеткені байқалады. Бір мәселені толықтай жан - жақты зерделемей, шындыққа көз жеткізбей, хайп қуып, шындыққа сай келмейтін сөздерді айтып, ғаламтор желісіне жариялап, таратып, бейнетүсірілім жасап, ақшаға тапсырыс беріп біреуге қарсы ел алдында қаралау немесе сол туралы толық емес біржақты мағлұмат беру, бір трендке айналған секілді. Бұл елдің, қоғамның болашағы үшін өкінішті жағдай!Біздін ата-бабаларымыздан қалған ең үлкен мұра ол салт-дәстүр, дініміз және де жүректегі рухани тазалық. Келер ұрпаққа біз не қалдырамыз деген ой келеді? Жоғарыда айтылған мәселе негізінде өте күрделі тақырып, қазіргі қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға қарасақ елімізді бұзып, іріткі салып жатқандар өте көп.

Әр бір Қазақстан азаматы сыни логикалық тұрғыдан ойлап, шындыққа көз жеткізе білуі қажет. Тек сол арқылы ғана біз бұл мәселені тоқтата аламыз. Солай ғана шындық жеңеді!

Ал енді маған тоқталсақ, балаларым бойынша жауап бергенмін, олар өз-өздеріне жауап бере алатын азаматтар. Жұмыстарын адал істеп, мемлекеттен көмек алып, халыққа жұмыс орнын беріп жүрген кәсіпкерлер. Олар өздерін заңнама талаптарына сай қорғауға құқылы, және мемлекет алдында кәсіби іс- әрекеттерінің адалдығын дәлелдеу үшін күресетін болады.

Одан бөлек мағанда жала жауып, қаралау мақсатында, кейбір өмірге өкпелі азаматтар, ішіндегі бүкіл қаралығын шығарып жатқанын естідім. Мен істемегенді істеді деп, сөйлемегенді сөйледі деп жалған өсек таратушыларға тек жаным ашиды. Оларға тек жанымыз ашу керек, өйткені жала жабу, біреуді артынан жамандау өте ауыр күнә және арсыз,абыройсыздардын ісі!

Мен Рамазан айында ораза ұстап, тақуалыққа, дінді терең зерттеуге бет бұрып,

біраз сұрақтарға жауап бермеген едім, соны көбісі әлсіздік немесе кінәсі бар шығар деп ойлап қалған сияқты! Сол үшін арнайы осы постты жазайын деп шештім, барлық сұраққа жауап ретінде.

Менің жүрегімдегі сырды, істерімді білетін бір Алла және халқым! Ал мен айтып өткендей халықтын алдын да, Алланын алдын да арымда, жүрегім де таза!Қазақстан халқына, осы уақытқа дейін адал қызмет етіп келемін, парламент депутаты ретінде де қызметімді адал атқарып, жалғастырамын", - деп жазды мәжіліс депутаты.