бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 10 29.11.2022 11:58

Президент Тоқаевтың Францияға не үшін барғаны белгілі болды

Фото: El.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады" делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.