сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 6 12.12.2022 12:15

"Дикий Арман" Ресейге қатысты мәлімдеме жасады

sputnik.kz

Журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында «Дикий Арман» атанған Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты жаңа дерек жарияланды, деп хабарлайды teznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Онда Арман Жұмагелдиевке тағылған айыптың өзгергені, енді оның «тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, адам ұрлады, тонау, қаруды заңсыз сатты және ұрлады» деген күдікке ілінгені айтылған.

Ал «Дикий Арман» өзіне қатысты іске Ресейдің араласқанын алға тартып отыр.

Бас прокуратура істің артында Қазақстан ғана емес, Ресей де тұрғанын айтты. Мұның себебі әлі белгісіз. Әңгімеміздің соңы – тағылған айыппен келісетін болсам, іс сотқа дейін жетеді. Келіспеген жағдайда жаңа айып тағылуы мүмкін екен. Олар мені 20 жылға бас бостандығымнан айырумен қорқытты, - дейді ол.

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев өзіне еш қатысы жоқ келеңсіздіктер үшін айыпталып жатқанын дәлелдеуге тырысуда екенін мәдімдеді. Айтуынша, кәсіпкер Қайрат Құдайберген екеуі қаңтар оқиғасында адамдарды бейбітшілік пен тыныштыққа шақырған екен.