бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 10 15.05.2023 14:35

Әзілкеш Ерболат Төлеген екі айда қалай 20 келі тастағанын ашық айтты

Фото: скриншот

Белгілі әзілкеш Ерболат Төлегенов "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында қысқа мерзімде артық салмақтан қалай арылғаны туралы айтты.

"Қазір бәрін жей беремін. Бірақ былтыр, бір жылдай жемедім. Қайта салмақ қосамын деп қорықпаймын, себебі, әр тағамның өзінің мөлшері бар, мен оған үйреніп алғанмын. Диетологпен жұмыс істедім. Маған әлеуметтік желіде "Қалай арықтадың, маған айтшы. Сенің істегеніңді жасаймын" дейді. Мен "Менің істегенімді жасама. Екеуіміздің ағзамыз бірдей емес қой" деймін. Негізі 2011 жылдан бері диета ұстап жүрмін. 2009 жылы салмағым 120 келі болды. Одан кейін 115 келі, 110 келі, 90 келіге түстім. Бірақ былтыр үш ай өз еркіммен ашықтым. Он бес күн бойы тамақ жемедім. Өз-өзіме штық жарияладым. Сорпа іштім. Физикалық күш түсірмедім. Оразадан кейін үш айдай үйде жаттым. Бір жаққа шықсам, ештеңе жемедім. Тамақ жегің келеді, бірақ жемедім. Сол кезде адамда салмақ азаяды. Одан кейін екі ай бойы шөп-шалаң, брокколи жедім. Жұмыртқаны қайнатып, езіп, ірімшікті үккіштен өткізіп, араластырып  жедім. Себебі ақуыз адамға керек. Екі айда 20 келі салмақ тастадым. Қазір жаттығу бастадым. Салмақ тастағанда өзгелер айтқандай денем де, терім де, бетім де салбырап кеткен жоқ. Қазір күніне жеті рет тамақтанамын. Бір-екі келі салмақ қосамын. Бірақ жаттығумен ол салмақты қайта тастаймын", - дейді Ерболат Төлеген.