бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 10 16.05.2023 11:45

Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді

Фото: vkurse.kz

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы әлемді шарлап жүр. 24 маусымда Куала-Лумпурде әншінің  жеке концерті өтеді.

Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil стадионында сағат 20:30-да басталады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы 6-шы мамыр күні Түркияда Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын. Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.