сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 10 16.05.2023 15:18

WhatsApp-та жаңа функция түрі пайда болды

Фото: rsloboda-rt.ru

WhatsApp-та енді чаттарға құпиясөз орнатуға болады.

 

Бұл жеке хат-хабарлардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік береді.

"Бұл – жеке хат-хабарларыңызды қорғауға болатын тағы бір қауіпсіздік шарасы. Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек бумаға жылжытылады. Оны ашу үшін құпия сөзін енгізіп немесе саусақ ізі сияқты биометриялық деректерді сканерлеу қажет. Жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде жасырылады", – делінген хабарламада.

Чатты жабу үшін жеке хат алмасудағы адамның немесе топтың атын басып, сәйкес опцияны таңдау қажет. 

"Келесі айларда жаңа мүмкіндіктер қосамыз, телефон паролінің орнына бірегей жабық құпия сөзін жасау да қосылмақ", – деп қосты WhatsApp блогы.