сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 15 17.05.2023 11:26

125 мың доллар төлеп ғарышта үйленуге болады

Фото: fotosky.ru

Space Perspective деп аталатын компания ғарышта некеге тұруға мүмкіндік беретін ұшулар ұйымдастыратынын мәлімдеді. Алып шармен ұшу үшін 125 мың доллар төлеген ғашықтар аспан әлемінде үйлене алады.

Space Perspective негізін қалаушы Джейн Пойнтер жұптардың 125 мың доллар төлеп ғарышта үйленуіне мүмкіндік беретін жобаға адамдар 2024 жылдың соңына дейін кезекке тұрып қойғанын және қазір тізімнің толық екенін айтты.

Жұптар компанияның "Нептун" деп аталатын ғарыш шарымен көтеріледі. Штаб-пәтері Аризонада орналасқан компанияның мамандары Нептун ғарыш шарының тағы бір ерекшелігіне назар аударды. Олардың айтуынша, Нептунның терезелері ғарышта саяхаттайтын көліктер арасындағы ең үлкен терезе болмақ.