сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 5 12.12.2022 15:4

Тоқаев келер жылға болжам жасады

Akorda.kz

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында келер жылдың биылғыға қарағанда ауыр болатынын айтты, деп хабарлайды teznews.kz сайты.

Президенттің мұндай болжам жасауына Үкімет пен әкімдіктің өздеріне жүктелген жұмысты дұрыс орындамаулары себеп.

"Халық Үкімет пен әкімдіктің жұмысына жиі шағымданып жатыр. Олардың шағымдарында шындық бар", - деді Тоқаев.

Ол қазір жайбарақат жүретін уақыт емес екенін атап өтті.

"Инфраструктура халықтың өмір сапасын арттыру үшін өте маңызды. Алайда ол тозып біткен, авариялық жағдайда тұр. Қол қусырып отыруға болмайды. Мұндай жағдай барлығына қауіпті. Сол себепті келер жыл бұдан да қиын, әрі ауыр болуы мүмкін", - деді Тоқаев.