сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 4 12.12.2022 15:7

Тоқаев: «Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы нақты нәтижемен өлшенеді»

Фото: exclusive.kz

Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Жуырда өткен президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз», - деді Тоқаев.

Президент сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданатынын айтты.

«Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді»,- деді мемлекет басшысы.