бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 9 26.05.2023 12:12

Танымал спортшы Марат Жыланбаев екі ай қамауға алынды

Фото: vlast.kz

Қазақстандық танымал спортшы Марат Жыланбаев екі ай қамауға алынды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді.

«2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - делінген ведомство хабарламасында.

Марат Жыланбаев - алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1993). 90-жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші.