бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 16 29.05.2023 15:12

Назарбаев университетінің президенті отставкаға кетеді

Фото: Назарбаев университетінің баспасөз қызметі

Назарбаев университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялайды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған Президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді" делінген хабарламада.

Назарбаев Университеті Шигео Катсудың мұрагерін халықаралық деңгейде іздеп белгілегенше, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады.