бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 12.12.2022 14:35

Путиннің баспасөз-хатшысы: «Ресейді ешкім жақсы көрмейді»

Фото: yaplakal.com

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыста «Ресейді ешкім жақсы көрмейді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Unian.net сайтына сілтеме жасап.  

Сондай-ақ ол журналистің Ресей қазір қайда бара жатыр деген сауалына жауап берді. Песковтың айтуынша, Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынасы текетірес сатысында тұр.

 «Біз қозғалмасақ та "конфронтация" деп аталатын станцияға жеттік. Біз бірлескен, күшті болуымыз керек және бізде беріктік артығымен болуы керек, өйткені біз әлі де осы текетірес жағдайында өмір сүреміз»,- деді ол.

 «Бізді ешкім жақсы көрмейді әрі жақсы көруге тырысып жатқаны шамалы. Оның бізге керегі де жоқ», - деп қосты баспасөз хатшысы.