бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 13.12.2022 11:10

Жетісуда өрттен 2 адам қаза тапты

Фото: видеодан үзінді

Жетісу өңіріндегі өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Үштөбедегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының 10 қызметкері келді. Оқиға орнынан екі тұрғынның мәйіті табылды.

Қайтыс болған ер адам 37 жаста болған. Қайтыс болған екінші адам – 44 жастағы әйел, ол түтінге уланған.

«Жеке тұрғын үй бір қабатты, төрт бөлмелі, үй қатты отынмен жылытылады. Өрт салдарынан веранда мен шатырдың бір бөлігі жанып кетті. Бұл отбасы халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне енбеген. Жоғарыда аталған мекен-жайдағы үйге көмірқышқыл газы детекторлары орнатылмаған», - деді төтенше жағдайлар қызметі.