бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 6 12.06.2023 12:55

Президент Аружан Саинды лауазымынан босатты

Фото: nur.kz

Президент Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты. Бұл туралы Teznews.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.