бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 9 14.07.2023 11:40

Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: ult.kz

Тоқаев Франция президентін Бастилияны алу күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды teznews.kz порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.