сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 6 14.12.2022 14:45

Көкшетау: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды

nege.kz

14 желтоқсанда "WhatsApp" мессенджерінің "Көкшетау экскаваторлары" топтық чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған, деп хабарлайды teznews.kz сайты Полицияның телеграм арнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты. Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында "құпия" деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған, ол аталған жер жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған.