сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 12 18.07.2023 12:28

Ең қымбат айфон: Ашылмаған ескі телефон $200 мыңға жуық сомаға сатылды

Фото: the atlantic

АҚШ-та ең қымбат iPhone телефоны 200 мың долларға жуық сомаға сатылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Әдетте iPhone бағасы дүкеннен ала салып, қосқанда немесе пошта арқылы жеткізілген құрылғыны ашқан сәтте құлдырай бастайды.

Ескі модельдердің әдетте еш құны жоқ, бірақ (оның иесі үшін) ерекше жағдайлар бар.

АҚШ-тағы аукционда жады 4 ГБ ашылмаған iPhone 190 372,80 долларға сатылды.

Мұндай құрылғылар көп шығарылмаған, сондықтан iPhone коллекционерлері үшін бұл - шынымен де таптырмас сирек дүние.

LCG Auctions фирмасы өткізген аукционда осы iPhone телефонын сатып алуға 28 өтінім берілген және ол бастапқы құнынан 400 есе жоғары бағаға сатылды.

Дегенмен, сатып алушы төлейтін түпкілікті сома сол заттың бағасына қосылатын әкімшілік шығындарды қамтиды. Бұлар «сатып алушының сыйақысы» деп аталады және сатушыға емес, тікелей аукцион фирмасына түседі.

LCG аукциондары iPhone-ды листингте «танымал сәнді бұйым» және «коллекционерлер үшін өте құнды зат» деп сипаттап, өткен жылы тағы екі ашылмаған iPhone-ның рекордтық бағаға сатылғанын айтты.

Бұл iPhone нарыққа алғаш шыққанда бағасы 599 доллар еді. Сирек кездесетін телефонға коллекционерлер 50 мыңнан 100 мың долларға дейін төлейді деп күтілген, бірақ нәтиже оның бәрінен асып түсті.