сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 44 31.07.2023 11:29

Бағлан Әбдірайымов екінші фильмінің сәтсіз шыққанын айтты

Фото: скриншот

Әнші Бағлан Әбдірайымов көпшілікке ұсынған екінші фильмінің де сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.

"Кім өзіне ор қазады дейсің? Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Сәтсіз проект болғаны өте өкінішті. Кино қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көрерменді қуантамыз деп едік, әттеген-ай! Бұл жағдай менің басымнан өткен. Бұл жолы басқаша, қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым ниет жоқ. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Деніміз сау, басымыз аман. Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.