бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 139 01.08.2023 13:47

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Пародист Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "Деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.

Бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр сырқатына байланысты шетелде емделген еді.