сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 07.08.2023 10:41

"Әкемнің көре алмай кеткен арманы еді": Отандық блогер анасына үй сыйлады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Отандық әнші әрі блогер Әлішер Қонысбаев анасына пәтер алып берді. Ол Instagram парақшасында қуанышын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Аллаға шүкір, анама үй сыйладым. Әкемнің көре алмай кеткен арманы еді. Анашым, енді уайымдамаңыз. Менің кезегім келді. Сіздерге жұғысты болсын", - деді Әлішер Қонысбаев.

Видеода блогердің анасы көзіне жас алып, баласына батасын берді. "Сөзім жоқ енді... Алғысым шексіз. Бауырларыңа қамқор бол! Мен сенімен мақтанамын. Бақытты бол! Аман бол! Адал жар кездессін", - деді Қонысбаевтың анасы.

Ал желі қолданушылары блогердің бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін жаудырды. "Керемет", "Жұғысты болсын", "Жарайсың", "Үйдің іші бақытқа толсын", "Берекелі үй болсын", - деп жазды желідегілер.