сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 3 09.08.2023 11:49

Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлына қатысты челлендж бастады

Фото: egemen.kz

 

Әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады.

Бұл ақпаратты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Челленджге қатысу үшін Абай Құнанбаевтың кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, #AbayChallenge хэштегімен әлеуметтік желілерге видео жариялау керек. 

Димаштың өзі ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінен үзінді  оқып, челленджді бастап берді. 

"Құрметті достар, бұл челленджді әлемдегі барлық dears-тарға, барлық жанкүйерлеріме, өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Тек  ғана амандық тілеймін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!", - деді әнші. 

Еске сала кетейік, ертең, яғни 10 тамыз күні қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толады.