сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 25.08.2023 15:1

Баян Алагөзова 7 жыл журналистикада қиындық көріп, жұмыс істегенін айтты

Фото: uhd.name

Атышулы продюсер Баян Алагөзова 7 жыл жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеген кезін еске алды.

Баян Алагөзова Forbes басылымына берген сұхбатында өзін 9 рет жұмыстан шығарып жібергенін айтты.

“30 жасымда біреуге жалданып жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Мені тоғызыншы рет телеарнадан шығарып жібергенде ешкімге ренжіген жоқпын. Қазір мені жұмыстан кім шығарып жібергені есімде жоқ. Бұл “өзің би, өзің қожа бол” деген белгі болды. Өзің қалағанда жұмыс істеп, қалаған уақытыңда ұйқыдан тұрасың, не түсірсең де өзің білесің. Қазір 20 жылдай уақыт болды өзіме өзім жұмыс істеп келе жатырмын. Бірақ өзімді кәсімкермін деп айта алмаймын. Бизнезте жоспар болады, менде ондай жоқ. Бизнез мен үшін сүйікті ісіммен айналысу. Мен жұмыс істемеймін, сүйікті ісіммен айналысамын. Мен 7 жыл телеарнада жаңалықтар бөлімінде жұмыс істедім. Телеарнада жұмыс істегім келмейтін. Бірақ амал жоқ, ол кезде менің дүркіреген атым да жоқ еді, қолыман ештеңе келмейтін. Жеті жыл бойы жұмыс істеп, барлығын үйрендім”, – дейді Баян Алагөзова.

Айтуынша, ол телевизия саласында көп нәрседен бейхабар болған.

“Маған айтылған сөздерді 7 жыл бойы жұтып, тек өзгелерді тыңдаумен болдым. Неше түрлі сөздер айтатын. “Қабілетсізсің, саған музыкалық каналда жұмыс істеу керек, журналистикада, жаңалықтар бөлімінде не бітіріп жүрсің” деген сөздердің бәрін үнсіз тыңдап келдім. Олардікі дұрыс: мен мәтін жазу білмейтінмін, сұхбат алу, монтаж жасау білмеймін, ұсақ әрі маңызды дүниелерге назар аударту қолымнан келмейді. Сол себепті 7 жыл жаңалықтар бөлімінде еріксіз жұмыс істедім. Таңертең жұмысқа келуді, сұхбат алуды, өткен-кеткен адамдардан блиц-сұрау алуды, біреудің айтқанымен жүруді жаным сүймейтін. Жеті жылдан кейін өзіме: “Баян, сен мәтін жазу білесің, телевизияның қыр-сырын үйрендің, ірі планның не екенін және оны монжадауды білесің, авторлық жобалардың қалай жасалатынын білесің” дедім. Сөйтіп 27 жасымда өзімнің авторлық жобамды жасадым және ол көрерменнің көңілінен шықты. Бірақ мен ешкімге өштенім әрекет еткен емеспін. Егер ашулансам тек қана өзіме ашуланамын. Себебі мен өз қателіктерімді мойындайтынмын. Егер мені жұмыстан шығарып жіберсе, демек мен соған лайық болдым”, – дейді продюсер.