сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 28.08.2023 11:35

Қыран Талапбек екінші әйеліне ерекше көлік сыйлап, жылатты

Видеодан кадр

Белгілі мобилограф Қыран Талапбек әйеліне ерекше тосынсый жасады. Гүлзада Тұрлаш қымбат сыйлықты көріп көз жасына ерік берді.

Қыран Талапбек екінші әйелі Гүлзада Тұрлашқа екі су жаңа көлік тарту етті. Мобилограф бірінші қытайлық “Geely Panda Mini” маркалы шағын, қызғылт түсті көлікті көрсетіп, келіншегіне пранк жасады. Кейін қалжыңдағанын айтып, "ZEEKR 001" автокөлігін сыйлады. Бұл темір тұлпардың нарықтағы бағасы шамамен 25 миллион теңге. Қымбат көлікті көргенде Гүлзада Тұрлаш қуанышын да, көз жасын да жасыра алмады.

Гүлзада Тұрлаш әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуіне алғыс айтып, сыйлық алғандағы әсерімен бөлісті.

“Өзімнің әсеріммен бөлісіп, алғысымды білдіргім келеді, әрі естелік болып қалсын. Біріншіден, мен Жаратқанның сүйген адаммын. Мен мұны сеземін, білемін. Мен шүкіршілік етіп, алғыс айтудан шаршамаймын. Себебі, қазіргі күндерімді бір кездері мен дұғамда сұрағанмын. Құдай менің дұғамды естіді. Құдай маған бақыт құшағында болуымды нәсіп етіп, әр күнімді әдемілікпен, махаббатпен, қамқорлықпен әсемдеп қойды. Екіншіден, менің күйеуім маған жоғарыдан жберілген сый. Мен мұны нақты білемін. Біз мінсіз емеспіз, бірақ бір-бірімізді толықтырамыз. Өмірімдегі қиын кезеңдерде ол өз махаббатын дәлелдеген еді, қазір де онысынан танған жоқ. Мені бар болғаным үшін ғана жақсы көреді. Сенесіз бе? Осындай да болады екен. Мен осындай мықты ер азаматтың сүйікті жары болғаным үшін бақыттымын. Қыздар, армандауды, сол арманға сеніп, күтуден жалықпаңыздар. Өзіңізді дамытып, оқып, ер адам үшін қызықты болыңыз. Сонда ол қалағаныңызды сылайтын болады”, – деп жазды Гүлзада Тұрлаш.