бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 44 29.08.2023 12:29

"Келінжан" сериалының актрисасы жасырған сырқаты туралы алғаш рет ашық айтты

Фото: инстаграм

Белгілі әнші, көпшілікке отандық “Келінжан” телехикаясындағы Асылым рөлімен танылған Сара Амангелді алғаш рет денсаулығында кінәрат барын ашық айтты.

“Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім “қалай ән айтып жүрсіз” деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын ба деп қорқамын, паника”, – дейді "KeshYou" тобының бұрынғы әншісі.

Бұл сырқаты әншінің жеке өмірінде де кесірін тигізген.

“Мен кішкентай кезімде “Ертең мен нашар естісем күйеу алмайтын шығар” деп жылайтынмын. Кейін араласып жүрген жігіттер менде осындай проблема барын білгенде, бірден өзгеріп, өтірік сылтауратып, ұрысып кетіп қалатын. Не үшін екені белгілі шығар… “Ертең сенен туған бала сен сияқты бола ма?” деп айтқандар да болды”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.