бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 72 31.08.2023 11:46

"25 миллион теңге": Мейрамбек Бесбаев көкпар бермек

Фото: ашық дереккөз

Әнші Мейрамбек Бесбаев Таразда ұлттық ойынды дәріптеп, көкпар өткізбек.

Мейрамбек Бесбаев көкпар өткізу туралы шешімге келмес бұрын ұзақ ойланғанын айтып, себебін түсіндірді.

“Қадірлі ардақты ағайын! Ат ер қанаты. Атқа қонған палуанның ықыласын,елдің тілеуін тілеген ел-жұрт үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз? Соңғы кезде ауылға,туған өлкеге барғанда алдымнан көп шығатын сауал.Алғашында бос мақтан үшін деп ел сөгер,жұрт босқа мал шашып жатыр деп айтар… Осындай көп күмәнмен келіспей жүр едім. Көкпар көптікі ғой деген тілеулес дос-жар бір шешімге келтіріп,салым дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр. Салым қоры жиырма бес миллион теңге. “Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды” деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келем,көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығарСол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім. Ұлттық дәстүріміз бен спортымызға қосқан тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар.АЛЛА қаласа он жетінші қарашада Тараз қаласында төрт көзіңізді түгел күтем. Ел іргесі аман болсын!”, – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.