бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 07.09.2023 10:45

Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады

Фото: инстаграм

Көптен бері әлеуметтік желілерге бірге шықпай қалған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кетті. 

 

Балжан Бидаш соңғы кезде көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап берді.

“Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан “рас па, өтірік пе” деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан”, – деп Жахан жайлы пікір білдірді.