бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 13 11.09.2023 11:11

Стамғазиев: Домбыраны қорлаған адамдарды қатаң жазалау керек

Фото: Pinterest

Осыған дейін әлеуметтік желіде хиджабтағы әйелдің домбыраны харам заттар қатарына жатқызғаны туралы видео тараған болатын. Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев домбыраға қарсы шыққан сақалды азаматтың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Кейінгі кезде қисық уағыздарды естіп, жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе? Халықтық ән-жырлар айтылып, салт-санамызды тәрбиелеп, жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба? Жалпы қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес?! Ендеше мына кісінікі не сандырақ?

Ел ішіне іріткі салып, халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жүрсе, домбыра мен исламды бір-біріне қарcы қоюы дұрыс емес, қате ұғым", - деп жазды Рамазан Стамғазиев Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде хиджабтағы әйелдің домбыраны харам заттар қатарына жатқызғаны туралы видео тарады. Аталған уағызға қатысты имам Нұрлан Байжігітұлы пікір білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан діни басқармасы желіде тараған мұндай видеолар мен домбыраны харамға теңеудің дұрыс еместігін айтып, мәлімдеме жасады.