бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 7 12.09.2023 17:40

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Фото: kaz.orda.kz

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.