Әнші Жеңіс Ысқақова Нағима Есқалиева туралы қандай ойда екенін айтты
Әнші Жеңіс Ысқақова Нағима Есқалиева туралы қандай ойда екенін ашық айтты.
Жеңіс Ысқақова жас кезінде көп адам өзін Халық әртісі Нағима Есқалиеваға ұқсататынын айтты.
“Жас кезімде, сахнаға енді қадам басып жүргенде мені “Ой, сен Нағима Есқалиеваға ұқсайсың” деген кісілерге:
“Жоқ, мен ұқсамаймын!” - деп қарсылық білдіретін едім. “Нағима - ол тәкәппар, кішкене бұзықтау, мен ондай емеспін” деп айтатынмын. Жақын таныса келе, Нәкеңнің жүрегінің нәзік екенін, әділетсіздік көрсе, соған шыдай алмайтынын, тіпті үнді киносын көргенде жылап қалатынын көріп: “Ойбуй, сіздің де сыртыңыз батыр болғанымен, ішкі жан дүниеңіз нәзік екен ғой”, – деп жүрегім жылып, жақсы көріп қалдым. Қазір көрмесем сағынатын болыппын. Расында, екеумізде табиғи ұқсастық бар екен. сосын екеуміз де Халық әртісі Лаки Кесоглу ұстазымыздың шәкірттеріміз. Жүрген жері мереке! Әзілі мен әңгімесі үйлескен Нағима апым Қабдолқызы. Жүз жасаңыз”, – деп жазды Жеңіс Ысқақова.
Желі қолданушылары Нағима Есқалиеваны шынайылығы үшін сыйлайтынын айтып мақтады.