бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 8 13.09.2023 13:53

Асхат Аймағамбетов педофилдерге қатысты жаза туралы айтты

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педофилдерге қатысты жазаны күшейту керек екенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Педофилдерді кем дегенде өмір бойы қамауда ұстау керек. Екіншіден, оларға қатысты тек химиялық емес, хурургиялық кострацияны да енгізу қажет», - деді А. Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін.

«Бұл адамдар химиялық кастрация салдарынан ағзасындағы бауыры немесе басқа да мүшелеріне зияны тиеді деп айтуы мүмкін. Біздің ойымызша, химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек», - деді депутат.