бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 8 14.09.2023 14:12

Мұхамеджан Тазабек отбасылы еркектерге көз салатын қыздарға ақыл-кеңес айтты

Фото: kaz.nur.kz

Танымал айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты отбасылы еркектерге тоқал болғысы келетін қыз-келіншектерге жауап берді. 

Бір оқырман: “Бойдақтардың арасында сенімді, ақылды, жақсы жігіттер көп. Бірақ мені отбасылы еркектерге тартып тұрады. Бойдақ жігіт бала сияқты көрінеді, бірақ шынында олай емес. Отбасылы еркек байсалды әрі сенімді көрінеді ” деп жазыпты. 

 “Иә, әрине, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар. Мен солай деп түсіндім. Бір отбасыны бақытты қылған, жағдайы шешілген еркекті бәйбіше сізбен бөліскісі келе ме, мәселе сонда. Бәйбішеде күйеуінен айырылғысы, оны ешкіммен бөліскісі келмейді. Сондықтан әйелі бар ерекке шыққыңыз келгенімен, ол арманның орындалуы оңай емес. “Бір жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ” деген сияқты. “Керемет жігіт қой” деп шығып, кейін 1-2 ай өткен соң “болмайды екен” деп ажырасып кетіп жатқан қыздар бар”, – деп жауап берді Мұхамеджан Тазабек.

Ақын қыз-келіншектерді өзгенің отбасының шырқын бұзбауға шақырды.

“Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. “Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын” демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін”, – деп жазды айтыскер.