бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 14.09.2023 15:30

Блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа көлік сыйлады

©instagram.com/zheka_fatbelly

Көпшілікке Zheka Fatbelly деген лақап атпен танымал блогер Жеңіс Омаров қайын атасы сыйлаған автокөлікті көрсетті. 

“Әкемнің (қайын атамның) сыйлығы. Бұл жазба көлік, сыйлық жайлы немесе маңғаздану емес. Бұл жазба 17 жасында тірегінен айырылған кішкентай Жеңістің сезімі туралы. Әкем өмірден өткенде алға қарай жүруге қатты қорықтым. Бірақ Алланың қалауымен бәрін өз қолыма алдым. 26 жасымда әкемді таптым. Жаратқан мені жетімсіретпеді. Өте керемет сезімді басымнан өткердім және оның қандай болатынын енді түсіндім. Өзімді ерке бозбала сияқты сезініп тұрмын. Отбасымыз толықты, мен бақыттымын”, – деп жазды Zheka Fatbelly.

Желі қолданушылары блогердің мұндай сыйлыққа лайық екенін жазды.