бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 8 14.09.2023 19:45

"Өзімді жоғалтып алдым": Айнұр Ілиясова алғаш ана атанған кезі жайлы айтты

Фото: kaz.nur.kz

Актриса Айнұр Ілиясова алғаш ана атанған кезін еске алды. Ол "МОМ’skий әңгіме" бағдарламасында бірінші сәбиін босанғаннан кейін мансабын ұмытып, күшті келін, күшті әйел болуға тырысқан күндері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Бірінші балам өмірге келгенде бәрін ұмыттым. Мансабымды ұмыттым. Толықтай күшті келін, күшті әйел болуға тырыстым. Отыз күн ішінде бір тамақты қайта дайындамайтынмын. Бірақ мен өзімді жоғалтып алдым. Мен кіммін? Мен не істеп жүрмін? Таңертең оянамын, бақыттымын. Құдайға шүкір, күйеуім бар. Балам аман-есен. Менің денім сау. Не керек? Ол - күйзеліс. Омырауың ісіп кеткен, күні бойы жылайсың. Күні бойы бала-тамақ-бала деген әлекпен жүресің. Сен өзіңді ешкім емеспін деп есептейсің", - деді жан сырын ақтарған Айнұр Ілиясова.