бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 114 15.09.2023 16:24

Бағдат Сәмединова отбасы жайлы ашық айтты

Фото: ғаламтордан

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасы жайлы ашық айтты.

Бұл туралы teznews.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   

Өнер иесінің айтуынша, екі қызы да өмірлерін өнермен байланыстырмаған.

“Менің екі қызым бар. Екеуі де өнерді қумады. Бірақ өнердің айналасында, медиа саласында. Немерем бар. Ол сурет салуға құмар. Қазір колледж оқып жатыр. Ол да өнерге жатады ғой. Екінші немерем де әнге қарамады. Тағы бір немерем мектепте оқиды. Кішкентайында менімен сахнаға шығып жүрді. Қазір сүйрелесең де, айтпайды. Қыздарымның мамандығына байланысты ешқандай бағыт берген жоқпын”, – дейді Бағдат Сәмединова.

Әнші бұған дейін әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты жазба жариялады.

“Мен өмірге құштар болдым. Екі қызды тәрбиелеп, өсірдім. Батылдығым мен қайсарлығыммен қыздарымды өсірдім. Өзім де жеттім. Ал ол кісі соған ілесе алмай қалды", – делінген жазбада. 

Өнер иесі бұл жазбаға түсініктеме берді.

“Біз шығармашылық адамы сезімталмыз. Ылғи жаңалыққа құштар боп, алға қадам басып отыруымыз керек. Кейбір адам момын болып қалып қояды ғой. Аса ондайды қаламайды. Ол да күйші, домбырашы болатын. Бірақ сол қалпында қалды. Мен енді алға шықтым. Ол мектепте қазір сабақ беріп жүр. Аман-сау. Сонымен қалды. Әйел адам бәріне шыдайды, көнеді. Егер әйел ашуланса, бәрін қырып салады. Әйел қырық жанды. Жалғыз өзіме қиын болды. Бірақ сол қиындықты жеңемін деп алға ұмтыла бергенде расында солай болды. Жеңемін десең, жеңесің”, – дейді  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.